Құдай жолымен жүрген отбасының жарылқануы
1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жаратқан Иені қастерлейтін,
Оның жолдарымен жүретін
Әрбір адам қандай бақытты!
2 Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің,
Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
3 Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі
Жемісті жүзім бұтасы секілді,
Ал ұл балаларың дастарқан басындағы
Зәйтүн ағашының өркендері127:3 Зәйтүн ағашы ұзақ жыл өсіп, мол жеміс беруімен әйгілі. сияқты.
4 Жаратқан Ие осылай жарылқайды
Өзін терең қастерлеген жандарды.
5 Сион тауындағы киелі үйінен
Жаратқан Ие сені жарылқай берсін.
Өмір бойы Иерусалимнің амандығын
6 Көресің һәм немерелеріңнің қызығын.
Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!