Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 43

Озбырлық көрген халықтың Құдайдан құтқаруын сұрауы

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)

2 Уа, Құдай, Өзіңнің зор құдіретіңмен

Ежелде бабалардың заманында істеген

Керемет істерің жайлы құлағымызбен

Көп естігенбіз әкелерімізден.

3 Қыңыр ұлттарды Сен елден қуып шықтың,

Ал бабаларымызды орнықтырдың.

Сол тайпаларды Сен езіп тастадың,

Ал бабаларымызды азат қылдың.43:3 Немесе: Әрі оларды шашыраттың.

4 Бабалар елді семсерімен басып алған жоқ,

Әрі білек күштерімен жеңіп шықкан жоқ,43:4 Яки: Олар өз білек күштерімен (жауларының шабуылдарынан) құтқарылған жоқ.

Мұны істеген — Сенің ұлы құдіретің,

Һәм бет-жүзіңнің нұры: Сен рақым көрсеттің.

5 Сен менің Патшам әрі Құдайымсың,

Жақыптың халқына құтқарылу сыйлайсың,43:5 Немесе: Жақыптың ұрпақтарына жеңістерді бұйыра гөр.

6 Сенімен жауларымызды соққылаймыз,

Сенің атыңнан дұшпанды таптаймыз.

7 Садағыма артпаймын мен сенімімді,

Құтқара да алмайды семсерім мені,

8 Жауларымыздан Сен бізді құтқарасың,

Бізді жек көргендерді масқара қыласың.

9 Күн сайын Құдайды айтып мақтанамыз,

Атыңды мәңгілік мадақтайтын боламыз.

10 Ал қазір бізді тастап, ұятқа қалдырдың,

Сен жасағымызбен бірге аттанбадың,

11 Жауымыздан қашуға мәжбүр қылдың,

Дұшпандарға бізді тонатып қойдың,

12 Сойылатын қой іспетті бізді тапсырдың,

Халықтар арасына шашыраттың,

13 Өз халқыңды арзанға сатып жібердің,

Біздің құнымызды әбден түсірдің.43:10-13 Леу 26:14-17; Заң 28:15,25,47-50,64,68.

14 Көршілерімізге бізді қорлаттың,

Маңымыздағыларға мазақтаттың,

15 Қыңыр ұлттардың қорлауына қалдырдың,

Оларға бізді елетпей бас шайқаттың.

16 Масқарамыз күнде алдымыздан шығады,

Халқымыз ұяттан қара бет болады,

17 Жалақордың ұрсуын естіп тұрамыз,

Кек алмақ жаудың бетін көріп тұрамыз.

18 Осының барлығына ұшырадық,

Алайда біздер Сені ұмытпадық,

Сенің Келісіміңді де бұзбадық.

19 Жүрегіміз Сенен бас тартқан да жоқ,

Аяғымыз жолыңнан тайған да жоқ.

20 Сонда да Сен бізді талқандап қираттың,

Елімізді шибөрінің тұрағы еттің,

Ажал қаупін бастарымызға төндірдің.43:20 Яки: Елімізді құлазытып, қалаларымызды қираттың, үстімізді ажалды түнекпен жаптың. (Шибөрі әдетінше құлазыған далалар мен қираған қалаларды мекендейді: Иш 13:22; Ерм 9:11).

21 Егер Құдайымыздың атын ұмытсақ,

Бөтен «тәңірге» қол жайып сиынсақ,

22 Құдай мұны әлде білмес пе еді?

Ол жүректің құпияларын да біледі!

23 Ал Сен үшін жау бізді күнде жоюда,

Сойылатын қой деп бізге қарауда.

24 Уа, Жаратқан, неге «жатырсың ұйқыда»?

«Серпіліп», бас көтере гөр бізді қорғауға,

Бізден бас тарта көрмеші біржолата!

25 Неге бізден бет-жүзіңді жасырасың,

Қайғы мен жәбірімізді ұмытасың?

26 Өйткені ажал аузында жандарымыз,

Әрі жерге жабысуда тәндеріміз.

27 Тұрып орныңнан, бізді қолдай гөр,

Рақымыңа бола бізді құтқара гөр.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também