Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 145

Құдай Иесіне үміт артқан бақытты!

1 Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!

Мен жан-тәніммен Иемді мадақтаймын,

2 Тірі жүргенімде Жаратқанды даңқтаймын,

Өмір бақи Құдайыма ән-жырымды арнаймын.

3 Әміршілерге үміттеріңді артпаңдар,

Өткінші пендені сүйеніш қылмаңдар,

Пәледен құтқара алмайды олар:

4 Демі бітіп, жерге қайта оралады,

Сол күні-ақ ой-ниеті ада болады.

5 Жақып сиынған Құдай жар болған

Және Құдай Иесіне үміт артқан

Қандай бақытты болады әрбір жан!

6 Көк пен жерді, теңізді әрі олардағы

Бардың бәрін де Иеміз жаратты,

Ол мәңгі бақи сөзінде тұрады.

7 Қаналғандарды Ол әділдікке жеткізеді,

Ашығып жүргендерге тамақ береді.

Жаратқан Ие тұтқындарды босатады,

8 Иеміз зағиптардың көзін ашады.

Жаратқан бүкірлерді түзу етеді,145:8 Немесе: Жаратқан Ие түңілгендерге жігер береді.

Иеміз әділдерді жақсы көреді.

9 Жат жұрттықтың мүддесін Жаратқан қорғайды,

Жетім-жесірлерді де қолдап-қоштайды,

Ал зұлымдардың ой-ниетін талқандайды.

10 Жаратқан Ие мәңгі билік жүргізеді!

Уа, Сион, сиынған Құдайың патшалық

Құрады ұрпақтан ұрпаққа мәңгілік.

Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também