Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 7

Құдайдан жауларды шектеп, әділдік орнатуын сұраған дұға

1 (Бунямин руынан шыққан Құштың7:1 Осы Құш өзімен рулас, әділетсіз Саул патшаның жақтасы болса керек. қылығы туралы Дәуіттің Жаратқан Иеге айтқан әні. Екпінді әуенмен айтылады.)

2 Уа, Құдай Ием, Сенен пана табам,

Арашалай гөр мені қуғыншыларымнан.

3 Құтқарушым жоқ, жау мені быт-шыт қылады,

Арыстандай паршалап, дал-дұлымды шығарады.

4 Уа, Құдай Ием, егер күнә істеген болсам,

Яки қолыммен қылмыс жасаған болсам,

5 Бейбіт жолдасыма сатқындық жасаған

Не дұшпанымды болсам себепсіз тонаған,

6 Онда жаулар мені қуып, ұстап алсын,

Жанымды аяғымен жерге таптасын,

Абыройымды топыраққа былғасын.

7 Уа, Жаратқан, қаһарлана көтеріле гөр,

Жауларымның долдануына қарсы шыға гөр,

Өзің бұйырғандай әділдік орната гөр,

Мен үшін ендеше әрекеттене гөр.7:7 Яки: Уа, Құдайым, ендеше серпіле гөр.

8 Жиналып тұрсын халықтар айналаңа,

Биіктен билік құршы қайтадан оларға.7:8 Немесе: Қайтадан биікке көтерілші олардың үстінен.

9 Уа, Жаратқан, Сен халықтарды соттайсың,

Мені ақтай гөр, Ием, әділ де адалмын.

10 Әділ Құдайым, жан дүниемізді сынайсың,7:10 Яки: ой-ниетімізді тексересің.

Енді доғартсаңшы зұлымдардың сұмдығын,

Әрі нығайтсаңшы әділдердің қорғанышын.

11 Алла Тағала мені қалқандай қорғайды,

Шын жүректен адалды Ол аман сақтайды,

12 Құдай мәңгі әділ соттаушы болады,

Тәңір күнде зұлымдарға ашуланады.

13 Егер адам бас тартпаса күнәсінен,

Онда Құдай қайрайды өткір семсерін,

Керіп, кезеніп дайындайды садағын,

14 Отқа қыздырады үшкір жебелерін,

Сөйтіп даярлайды өлтіргіш қаруларын.

15 Міне, арамза адам зұлымдық ойлайды,

Жан дүниесінде ол пәлені сақтайды,

Содан өтіріктері оның туындайды.

16 Ол ор қазып, соны тереңдетіп дайындайды,

Алайда сол тұзағына өзі кейін құлайды.

17 Осылай зұлымдығы өз басына келеді,

Жауыздығы өзінің төбесіне түседі.

18 Жаратқанның әділдігін мадақтаймын,

Алла Тағаланың есімін жырлаймын.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.