Жаулар тап бергенде Құдайға сенім білдіру
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Алыстағы үнсіз көгершін» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол філістірлердің Дәуітті Ғат қаласында ұстап алған кезіне55:1 33:1; Пат1 21:10-15. арналған.)
2 Уа, Құдай, бола гөр маған мейірімді,
Адамдар ұмтылады таптауға мені,
Күні бойы қыспақтап, тап береді.
3 Жауларым күнде қудалап өкшелейді,
Менмендер маған қарсы бас көтереді.
4 Қорыққанда Саған артам сенімімді.
5 Құдайға сеніп енді қорықпаймын,
Берген сөзі үшін Оны мадақтаймын,
Сонда пенде не жасай алады маған?
6 Күнде жаулар сөздерімді бұрмалайды,
Әрдайым маған қарсы қастық ойлайды,
7 Жасырынып бір жерге жиналады,
Бар қадамдарымды бақылап тұрады,
Аңдып жанымды алуға ұмтылады.
8 Уа, Құдай, сұм істерімен құтылтпашы,
Сол қыңыр ұлттарды қаһарыңмен құлдыратшы.55:8 Яки: Өзіңе мойынсұнбайтын ұлттарды (немесе: топтарды) қаһарыңмен құлдыратшы.
9 Шарасыздығымды ұмытпай ескересің,
«Құтыңа» жинап қой көз жасымның бәрін,
Жазылған жоқ па олар кітабыңда Сенің?55:9 138:1-3; 38:12; Пат4 20:5; Дан 12:1; Мал 3:16.
10 Сиынып сұрасам қолдауыңды Сенің,
Кері шегінеді жауларым менің,
Құдайдың маған жар екенін білемін.
11 Берген сөзі үшін Құдайды мадақтаймын,55:11 55:5.
Берген уәдесі үшін Иемді даңқтаймын.
12 Құдайға сеніп енді қорықпаймын,
Сонда пенде не жасай алады маған?
13 Уа, Құдайым, мен Өзіңе бағыштаймын
Берген уәдеме сай шүкірлік тартуларын.55:13 65:13-14; Леу 3; 7:11-18.
14 Өйткені аяғымды сүрінуден сақтадың,
Жанымды ажалдың аранынан құтқардың.
Осылай Сен мені Өзіңнің алдыңда
Аман жүрсін дедің өмірдің нұрында.55:14 (Әйүп 33:30) Яки: Аман жүрсін дедің тірілердің (жарық) әлемінде (114:9).