Жаратқан Иені дәріптеп, Оған мойынсұнуға шақыру
1 Келіңдер, Жаратқан Иеге арнап
Әндетейік қуана-қуана жырлап,
Жартастай мықты Құтқарушымызға
Сиына берейік қатты дауыстап!
2 Бәріміз Иеміздің алдына барып,
Ризашылығымызды білдірейік,
Ән-күймен де Оған мақтау айтып,
Даңқын Оның асыра берейік!
3 Себебі Жаратқан Ие — ұлы Құдай дағы
Һәм ұлы Патша — бар «тәңір, пірден»94:3 Немесе: бар жалған «тәңірлерден» (яки: тәңірсымақтардан) үстем Патша (Иш 44:10-20; 46:5-8; Ерм 10:11,14:15). тым жоғары!
4 Бәрі Оның қолында: жердің тұңғиықтары,
Әрі меншігі Оның — зәулім тау шыңдары,
5 Теңіз де Иеміздікі — Өзі соны жаратқан,
Құрлықтың барлығы да Оның қолынан шыққан!
6 Келіңдер, тағзым етейік Иемізге иіліп,
Жаратушымыздың алдында тіземізді бүгіп!
7 Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз,
Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымыз
Әрі қамқорындағы отары сияқтымыз.94:7 77:13.
Бүгін сендер Оның даусын естігенде,
8 Мерібада істегендерің секілді
Қасарыстырмаңдар жүректеріңді:
Ежелде айдалада жүрген кезде
Масадағы94:8 Меріба деген жер атының мағынасы — «Ұрсу, бас көтеру», ал Масанікі — «Еркінсіп сынау» (Мыс 17:7). бас көтергендерің іспетті
Қайтадан солай істемеңдер енді!
9 Сендердің ата-бабаларың сол жерде
Көріп жүрсе де керемет істерімді,
Еркінсіп сынай берді төзімімді.
10 Бұл ұрпаққа қырық жыл ашуландым,
Сонымен былай деп қорыттым:
Жүрек қалаулары теріс бағыттағы
Осы халық тағылымымды94:10 Яки: Менің тәлімімді. Немесе: Менің оларды жүргізбек жолдарымды. қабылдамады!
11 Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:
«Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған
Елге кірмейді олар енді ешқашан!»