Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 101

Зор ауыртпалық шеккен адамның мінажаты

1 (Ауыртпалық шегіп, әлсіреген жанның Иемізге мұңын шаққан мінажаты.)

2 Уа, Жаратқан, мінажатымды естіші,

Көмек сұраған даусым Саған жетсінші,

3 Қиын кезде менен сырт айналмашы,

Маған құлағыңды түре көрсеңші,

Өзіңді шақырсам тез жауап берші.

4 Күндерім түтіндей лезде жоғалады,

Сүйектерім от шоғындай маздап жанады.

5 Шабылған шөптей қурады жүрегім,

Тамақ ішуді де ұмытып келемін,

6 Қатты қиналып ыңқылдағанымнан

Әбден жүдегенмін, құр сүлдерім қалған.101:6 (Әйүп 19:20) Яки: Сүйектерім бұлшық етіме жабысқан.

7 Құла түздегі бірқазанға ұқсаймын,

Һәм қираған орындағы жапалақтаймын,

8 Мен ұйықтай алмай ояу жатырмын,

Үй төбесіндегі құстай тым жалғызбын.

9 Дұшпандарым күнде балағаттайды,

Мені мазақтап, атымды қарғайды.

10 Нан орнына күлмен тамақтанамын,

Көз жасымды сусыныма қосамын.

11 Мұның себебі — ашу-ызаң Сенің,

Жоғары көтеріп, мені лақтырған едің.

12 Кешкі көлеңкедей өтеді күндерім,

Қураған шөптей әбден әлсіредім.

13 Ал Сен, Жаратқан Ие, мәңгі боласың,

Бар ұрпақтарға жайылар Сенің даңқың.

14 Орныңнан тұрып, Сионға рақым етші,

Енді уақыт болды, мейірім көрсетші,

Соған белгілеген мезгілің жетті.

15 Құлдарың Сионның тастарын ұнатады,

Шаң-тозаңы аяныштарын оятады.

16 Бар ұлттар дірілдер Жаратқанның атынан,

Әлемнің патшалары да Оның даңқынан:

17 Жаратқан Ие Сионды қайта тұрғызбақ,

Өз салтанатымен сонда пайда болмақ,

18 Мұқтаждың мінажаттарын Ол тыңдайды,

Жалыныштарын жауапсыз қалдырмайды.

19 Болашақ ұрпақтар үшін бұл жазылмақ,

Келер буындар Жаратқанды даңқтамақ:

20 Жаратқан Ие көктен жер бетіне қарады,

Киелі үйінен Ол төмен көз тастады,

21 Тұтқындардың ыңқылдауын есту үшін,

Өлімге кесілгендерді азат ету үшін.

22 Содан Жаратқанның аты Сионда мақталмақ,

Даңқы Оның Иерусалимде асырылмақ,

23 Сонда бар халықтар бұл қалаға жиналар,

Патшалықтар Жаратушыға ғибадат қылар.

24 Өмір жолымда Тәңір мені қалжыратты,

Ғұмырымның күндерін Ол қысқартты.101:24 101:4-6.

25 Сонда мен былай дедім Жаратқанға:

«Уа, Құдайым менің, жарты жолда

Өмірімді көрмеші қысқарта!

Сен жасайсың ұрпақтан ұрпаққа,

26 Жердің негізін салғансың әуел баста,

Құдіретіңмен101:26 (95:5; Жар 1:1; Нех 9:6) Яки: Өзіңнің (құдіретті) қолдарыңмен. жараттың аспанды да.

27 Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,

Киімдей тозады олардың барлығы да,

Көйлектей ауыстырасың Сен оларды,

Содан олар лақтырылып тасталады.

28 Ал Өзің өзгермей қалатын боласың,

Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.

29 Құлдарыңның ұлдары тыныш тұрады,

Ұрпақтары көз алдыңда нық болады».

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.