Құдайға әрі Ол тағайындаған патшаға мойынсұну
1 Неге халықтар жатыр бас көтеріп,
Ұлттар іске аспайтын жоспарлар құрып?
2 Жаратқан мен Оның қойған патшасына2:2 Яки: Жаратқанға және Оның май жағу рәсімінен өткізіп (патша болуға) тағайындаған кісісіне. (Түсіндірмедегі «Май жағу рәсімін» қараңыз.)
Әлемнің патшалары қарсы тұрып,
Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп:
3 «Бізге салған шынжырларын сындырып,
Бұғауларынан құтылайық лақтырып!»
4 Көктегі тағында отырған Құдай күледі,
Солардың ойларын Жаратқан келекелейді,
5 Содан ашулана зекіп, тіл қатады,
Қаһар шашып, зәрелерін ұшырады:
6 «Киелі тауым Сионда Мен Өзім
Осы патшамды тағайындаған едім!»
7 Паш етейін Жаратқанның жарлығын:
«Рухани ұлымсың, — деді Ол маған.
— (Өзіңді патшалыққа тағайындап)
Мен бүгінгі күні Әке болдым саған.2:7 Немесе: Бүгін саған (рухани жағынан) Әке болдым. (Патша Құдайдың жер бетіндегі уәкілі ретінде билік жүргізгендіктен Оның рухани ұлы деп аталатын: Пат2 7:14.)
8 Менен сұра, сонда иелігіңе сенің
Халықтарды мәңгілікке беремін,
Шартарапты қол астыңа өткіземін.
9 Сен жауларды темір таяқпен ұрасың.2:9 Немесе: Оларды темір асатаяғыңмен бағатын боласың. (Асатаяқ патша билігінің белгісі болатын, ал патша өз халқын баққан бақташы іспетті бейнеленетін.)
Лақтырып сындырғандай қыш ыдыстарын,
Талқандап құртасың өз қиқарлықтарын».
10 Енді, патшалар, ақылға келіңдер,
Әлемнің билері, шындықты түсініңдер!
11 Жаратқан Иені терең қастерлеңдер,
Қуана бой ұрып қызмет етіңдер!
Һәм дірілдеп күнәдан шошыныңдар,
12 Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!2:12 Немесе: Рухани ұлын шын жүректен дәріптеңдер! (Сол заманда патшаның аяғын сүю оған бағынуды білдіретін.)
Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,
Ашуы лезде жалындай лауламақ.
Ал Оған сенгендер бақытты болмақ.