Ажалдан аман сақтағаны үшін Құдайды даңқтау
1 114:1 Бірнеше шетел тілдеріндегі аудармаларда осы аятпен 116-жыр басталады. Қатты сүйемін Жаратқан Иені,
Жалынған даусымды Ол естіді,
2 Иә, Ием құлақ түрді маған,
Өмір бойы сиынбақпын Оған.
3 Өлімнің торы жан-жақтан шырмады,
Ажалдың азабы мені қинады,
Зор қайғы-қасірет тым меңдеп алды.
4 Жаратқанның атын атап сиындым:
«Уа, Ием, құтқаршы мені!» — деп шақырдым.
5 Жаратқан Ие әділ де рақымды,
Біздің Құдайымыз сондай қайырымды!
6 Иеміз қорғайды ақпейіл жандарды,
Мүшкіл халімнен Ол мені құтқарды.
7 Тыныштала гөр енді, уа, жан дүнием,
Мол игілік жасады Жаратқан Ием.
8 О, Жаратқан, Сен жанымды өлімнен
Құтқардың һәм көзімді жас төгуден,
Аяғымды сақтадың сүрінуден.
9 Осылай мен тірілердің ғаламында114:9 Яки: тірілердің (жарық) әлемінде (55:14).
Жүремін Жаратқанның көз алдында.