Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 132

Құдай халқының ынтымақтастығы

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

Бауырлардың ынтымақта тұрғандары

Қандай тамаша да жарасымды!

2 (Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда)

Басына құйылған жұпар май іспетті,

Ынтымақтастық та аса ізгілікті!

Сол иісмай Һаронның басынан сақалына,

Киімінің етегіне дейін аққан еді.132:2 (Мыс 29:7,21; 30:23-25,30; 40:13,16) Немесе: Киімінің жағасына дейін аққан еді.

3 Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы —

Хермон тауына түсетін шық тәрізді.

Бұл шық Сион тауына да түседі,

Жердің бәрін құнартып, көгертеді.

Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірді

Мәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também