Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 99

Алғыс жыры

1 (Халық Құдайға шүкірлік еткенде99:1 Яки: шүкірлік ету үшін құрбандықтар мен сый-тартуларын ұсынғанда (Леу 7:12). айтылатын жыр.)

Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап,

2 Иемізге қызмет етіңдер шаттанып,

Келіңдер алдына қуана әндетіп,

3 Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп:

Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз,

Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз».

4 Құдайдың ғибадатханасына барып,

Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп,

Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп,99:4 Мұнда ғибадатхана қақпасы және аулалары (алаңдары) сөз болып тұр (23:3,7; 83:3,11; Шеж2 4:9; 6:12-13).

Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!

5 Себебі Жаратқан Ие мейірімді,

Ол мәңгілік шапағатын тигізеді.

Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізге

Шексіз сенімділігін көрсете береді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também