Игілік атаулының бастауы — Құдайға деген сенім
1 (Дәуіттің насихат мінажаты.)
Уа, Құдайым, сақтай гөр Өзің мені,
Баспана етемін жалғыз Сені!
2 Жаратқанға былай деймін: «Сен Иемсің,
Сенен бөлек жоқ ешбір игілігім!»15:2 Немесе: «Менің ешқандай игілігім Сенің алдыңа жете алмайды».
3 Ұлы жандар — Саған бағышталғандар,
Маған өте ұнайды елде олар.15:3 Немесе: Жер бетіндегі қасиетті әрі ғажап адамдарыңды қатты сағынамын.
4 Ал бөтен тәңірлердің жолын қуғандар:
Қасіретке молынан ұшырамақ олар.
Тәңірсымақтарға құрбандық шалмаймын,
Олардың аттарын аузыма еш алмаймын.
5 Уа, Ием, маған жар болып келесің,15:5 Немесе: Жаратқан Ие — үлесіме тиген мұрам. (Ежелде уәделі елге қоныстанған халықтың әрбір отбасына жер үлестірілгеніндей, әр сенуші Құдаймен тығыз қарым-қатынасын өзінің рухани үлесі және мұрасы деп санай алады: Жыр 72:25-26; Жоқт 3:27.)
Жарылқап мені амандық бересің,15:5 Немесе: әрі менің тостағаным. (Үй иесінің қонағына сергітетін сусын ұсынатыны сияқты, Құдай да сенушілерге рақымын, амандық пен жарылқауын сыйлайды).
Тағдырым қауіпсіз қолыңда Сенің.
6 Тамаша — маған тиген үлесім,
Қатты ұнайды ғажайып мұрам.15:6 Мұра: яғни Құдаймен тығыз қарым-қатынас және содан шығатын барлық игілік (15:5; Заң 18:2).
7 Даңқтаймын ақыл-кеңес берген Иемді,
Ұжданым түнде де мені ескертеді.
8 Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,
Оң жағымда Ол маған жар боп келеді:
Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде.
9 Содан жүрегім шаттыққа толады,
Мәз-мейрам болып тілімнен бал тамады,
Саған сенгенімнен тәнім тыншиды.
10 Сен жанымды о дүниеге қимайсың,
Қасиетті адамыңның15:10 Яки: Өзіңе бағышталған адамыңның. тәнін шірітпейсің.
11 Шын өмір жолын маған көрсетесің,
Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің,
Оң жағыңда мәңгі игілік бересің.