Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 61

Құдіретті де рақымды Құдайға деген сенім

1 (Ән-күйдің жетекшісі Едутунге61:1 38:1. арналған Дәуіттің жыры.)

2 Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан,

Құтқарылуым келеді тек қана Одан,

3 Ол ғана — паналайтын жартасым,

Құтқарушым әрі заңғар қорғаным,

Енді қайтып қатты шайқалмаймын.

4 Қашанғы бас саласыңдар бір адамға?

Теңселген дуал, қисайған қабырға

Сияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?

5 Биіктен құлатуға жаулар жоспарлайды,

Сол үшін өтіріктен де бас тартпайды,

Ауыздарымен бата бергенсиді,

Ал жүректерінде жамандық тілейді.

6 Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан,

Үміт келеді маған тек қана Одан,

7 Ол ғана — паналайтын жартасым,

Құтқарушым әрі заңғар қорғаным.

Енді қайтып ешқашан шайқалмаймын.

8 Құтқарылуым, абыройым Құдайдан,

Ол — мықты қорғаным әрі баспанам.

9 Халайық, лайым Оған сенім артыңдар,

Ойларыңды Оған толық ашыңдар,

Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар!

10 Адамзат атаулы шығарған деміңдей,

Атақты, атақсыз бәрібір бекердей,

Таразыға бәрін салып көргенде,

Жеңіл олар шығарған деміңнен де.61:10 38:6,7,12; 93:11.

11 Зорлықпен алып қоюға үміт артпа,

Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба,

Дәулетің молайса, соған сенім артпа!

12 Бірде Құдай маған былай деп айтты,

Талай рет61:12 Яки: Екі рет. мен естігенмін мынаны:

Құдіретті күш, о, Құдай, Сенікі.

13 Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың,

Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também