Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 12

Құдайдың ажалдан құтқаруын аңсау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2 Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың?

Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?

3 Қашанғы көңілім уайымға тола бермек,

Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек?

Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?

4 Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр,

Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.

5 Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын,

Дұшпандарым «Жеңдік!» деп лепіре мақтанбасын.

6 Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын,

Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын,

Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também