Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 112

Мұқтаждың жанашыры — ұлы Құдай

1 Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Иеміздің қызметшілері, мақтау айтыңдар,

Жаратқанның есімін мадақтаңдар!

2 Қазіргі кезден мәңгілікке дейін

Жаратқанның есімі дәріптеле берсін!

3 Күннің шығысынан батысына дейін

Жаратқанның есімі қастерлене берсін!

4 Жаратқан бар ұлттардан да жоғары,

Оның салтанаты аспаннан да жоғары.

5 Кім Құдайымызға тең бола алады?

Жаратқан Ие зәулім тағында отырады,

6 Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.

7 Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар,

Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар.

8 Оларды әміршілермен бірге отырғызар,

Халқының көсемдерімен жайғастырар.

9 Бедеу әйелді отбасымен жарылқар,

Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар.

Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também