Халқына қамқоршы Жаратқан Иені дәріптеу
1 147:1 Осы жырдың аяттары бірнеше шетелдік аудармаларда 147:12-20 деп белгіленген. Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта,
Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!
2 Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан,
Ішіңдегі халқыңды жарылқаған,
3 Таңдаулы астықпен оны тойындырады,
Шекараңа бейбітшілік орнатады.
4 Иеміз сөзін жер бетіне жолдайды,
Оның айтқандары лезде тарайды.
5 Жаратқан қарды мамықтай жаяды,
Қырауды да күлдей жерге шашады,
6 Бұршақты жұмыр тастай жаудырады,
Кім Оның аязына шыдай алады?
7 Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды,
Жылы жел соққызып, ағызады суды.
8 Иеміз Жақыпқа білдірді бұйрықтарын,
Исраилге заңдары мен жарлықтарын,147:8 Яки: Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағына (яғни Исраил халқына) білдірді сөздерін, Исраилге жарлықтары мен шешімдерін.
9 Басқа ешбір халыққа Ол мұны істемеді,
Олар Оның шешімдерін147:9 Яғни Жаратқан Ие Исраил халқына тапсырған Таурат заңы мен өзге хабарларын. білмей келеді.
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!