Жәбір көріп жүрген сенушінің мінажаты
1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Назарымды Өзіңе аударамын,
Уа, көкті мекендеуші Құдайым!122:1 Яки: Уа, көктегі тағыңда отырушы (Құдайым)!
2 Құлдың көзі қожайынының қолынан,
Күңінің көзі ханымының қолынан
Таймайтындай, біз де Иеміз Құдайдан
Көз алмаймыз рақым көргенше Одан.
3 Рақым ете гөр, уа, Жаратқан Ие,
Мейіріміңді түсіре гөр біздерге,
Тойындық жұрттың бізді жек көргеніне,
4 Жанымыз тойды менменнің қорлауына,
Паңдардың бізді балағаттауына.