Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 40

Науқас жанның мінажаты

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2 Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты!

Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады,

3 Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды,

Жаратқан оны елде жарылқайды,

Жауларының еркіне беріп қоймайды.

4 Ауырса ол, Иеміз оған күш береді,

Төсектегі оның халін түзетеді.

5 Иеме былай деп мінажат еттім:

«Рақымды бола гөр, уа, Жаратқан Ием,

Саған қарсы күнә жасаған едім,

Сауықтыра гөр жан дүниемді менің!»

6 Дұшпандарым жамандап былай дейді:

«Қашан анау өліп, аты өшеді?»

7 Біреуі маған кіріп-шықса, жалған сөйлейді,

Шынымен ол тек өсек-аяң жинайды,

Барған жерлерінде сонысын жаяды.

8 Мені жек көргендердің барлығы

Өзара маған қарсы сыбырласады,

Былай деп жамандық ойластырады:

9 «Қатерлі ауру жабысыпты оған,

Ол мәңгі тұрмайды жатқан орнынан!»

10 Тіпті дастарқандас боп нанымды жеген

Сырлас досым, өзім толықтай сенген,

Енді мені теуіп жіберу үшін

Маған қарсы көтерді өз өкшесін.

11 Ал Сен, уа, Ием, рақымды бола гөр,

Сауықтырып орнымнан тұрғыза гөр,

Оларға лайықтысын қайтарайын.

12 Жауымның мені жеңіп шықпағанынан

Ұғамын Сенің риза екеніңді маған.

13 Адал жүрген мені аман сақтайсың,

Көз алдыңа мәңгі орнатқызасың.

14 Исраил сиынатын Құдай Ие

Мадақтала берсін мәңгілікке!

Аумин, иә, аумин.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.