Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 141

Әлсіреген бейшараның құтқаруды сұраған дұғасы

1 (Дәуіттің насихат жыры. Оның үңгірде жасырынған кезіне арналған141:1 Пат1 22:1. мінажаты.)

Жаратқан Иені дауыстап шақырдым,

Қатты дауыспен Иеме жалындым.

2 Оның алдында тілегімді ақтардым,

Қасіретімді Оған түгел аштым.

3 Рухым қажығанда Сен білесің жолымды,

Ал маған байқатпай жауларым торлар құрды.

4 Көмек күтіп оң жағыма қараймын,141:4 Шайқаста және сотта адамның қолдап-қорғаушысы әдетте оның оң жағында тұратын (15:8; 72:23; 108:31; 120:5).

Мені ойлаған ешкім жоқ деп байқаймын.

Жер қалмады енді маған пана болар,

Ешкімім жоқ жанымның қамын ойлар.

5 Саған былай деп дауыстап сиынамын:

«Уа, Жаратқан Ие, Сен менің баспанамсың,

Бұ дүниеде маған жар тек Өзіңсің.141:5 Яки: Тірілердің әлемінде (яғни бұ дүниеде) Сен менің несібемсің (72:26).

6 Зар жылаған даусыма құлақ салшы,

Өйткені мен әлсіредім тым қатты,

Қуғындаған дұшпандардан құтқаршы,

Менікінен тым басым күш-қуаттары.

7 Тас түнектен алып шықшы жанымды,

Мадақтауым үшін Сенің атыңды.

Әділдер сонда қасыма жиналады,

Себебі Маған көрсеттің Сен рақымыңды».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também