Жақсылық атаулының бастауы — Жаратқан Ие
1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.)
Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса,126:1 Немесе: Жаратқан Ие үйді салмаса; яки: Жаратқан Ие үрім-бұтақты сыйламаса (127:3; Пат2 7:16,27,29).
Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая.
Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе,
Қарауылшылар босқа тұрады күзетте.
2 Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар,
Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар.
Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына
Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына.126:2 Немесе: Жаратқан Ие Өзі сүйетіндеріне бейқам ұйқы сыйлайды (Жар 39:2-5,21-23; 49:25; Флп 4:6-7).
3 Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген,
Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.
4 Адамның жас кезінде туған балалары
Жебелері іспетті жауынгердің қолындағы,
5 «Қорамсақтарын» солармен толтырған
Кісілер қандай бақытты болған,
Қарсыластарымен биге барғанда126:5 Яки: Олар қала қақпасының алдындағы алаңда қарсыластарымен (билерге жүгініп) сөйлескенде.
Қалмайтын болады олар масқараға.