Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 115

Мүшкіл халден құтқарған Жаратқан Иені дәріптеу

115:0 Бірнеше шетелдік тілдердегі аудармаларда осы жырдағы аяттар 116:10-19 деп көрсетілген. 1 Ием, мен Саған сенімімді жүктедім,

Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»

2 Үрейім ұшып, тым абыржыған едім,

«Күллі жандар өтірікші!» деп түңілдім.

3 Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын

Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?

4 Мені құтқарғаны үшін шүкірлік тостағанын

Көтеріп, паш етемін Иеміздің атын,115:4 Яки: Жаратқан Иенің атымен сиынамын.

5 Жаратқанға берген анттарымның барлығын

Бүкіл халқы алдында іске асырамын.

6 Иемізге бағышталған адамдарының

Ажалына Жаратқан Ие аударады назарын.115:6 (114:3-6,8-9) Немесе: Жаратқан Иеге бағышталған (қасиетті) адамдарының ажалы (яки: өлімі) Жаратқан Ие үшін құнды (яғни маңызсыз емес) (71:14).

7 Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін,

Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын,

Сен Өзің мені бұғаудан босаттың.

8 Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған,

Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан.115:8 Немесе: Жаратқан Иенің атымен сиынамын (115:4).

9 Жаратқанға берген анттарымның барлығын

Бүкіл халқы алдында іске асырамын:

10 Иемнің киелі үйінің ауласында,

Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда.

Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também