Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 124

Жаратқан Ие — өз халқының қорғаны

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Жаратқан Иеге сенім артқандар

Сион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.

2 Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды,

Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды,

Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.

3 Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін,

Зұлымдардың оларға билігі шектелген.124:3 Яки: Зұлымдардың асатаяғы (яғни билігі) әділдердің мұралық жерінің үстінде мәңгі болмайды.

4 Мейірімділер мен ақпейілділерге

Игілік ете гөр, уа, Жаратқан Ие!

5 Ал жүріп жатқандарды теріс жолдармен

Иеміз бірге аластатсын заңсыздармен.

Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também