Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 54

Сырлас досы опасыздық жасаған жанның мінажаты

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры.)

2 Уа, Құдай, мінажатыма құлақ түрші,

Өтінішімді елемей жүрмеші.

3 Назар аударып, жауап берші маған,

Аһ ұрып, абыржып жүрмін қайғыдан,

4 Дұшпандарымның қатты дауысынан

Әрі әділетсіздердің қыспағынан.

Олар басыма азап жаудырады,

Ашулана жала да жабады.

5 Жүрегім қинала дірілдейді,

Өлімнің қорқынышы тап береді.

6 Үрей мен қалтырау басып алады,

Қорқыныш билейді тұла бойымды.

7 Сонда мен тілек тілеп былай дедім:

«Кептердің қанаттарын маған берер кім,

Бұл жерден ұшып кетіп, тыншыр едім,

8 Алысқа ұшып, айдалада қалар едім,

9 Қастықтың дауылынан тез құтылар едім».

10 Уа, Ием, зұлымдарды абыржытып,

Берекесін алшы тілдерін шатастырып,

Қаладан зорлық-зомбылық тұрмын көріп.

11 Күні-түні олар қамалда аңдып жүреді,

Сұмдық пен пәлеге толы қала іші,

12 Тонаушылық пен өлім мол шаһарда,

Жалғандық пен зорлық бітпес базарда.

13 Жауым қараласа соған төзер едім,

Дұшпаным бас көтерсе одан тығылар едім.

14 Алайда мұны істеген қатарласым

Сенсің, о, жаныма жақын сырлас досым!

15 Қандай ғажап еді қарым-қатынасымыз,

Құдайдың үйіне бірге барғанымыз.

16 Кенеттен жетсін ажал жауларыма,

Тірідей түссін олар тұңғиыққа,

Зұлымдық мекендейді ғой араларында.

17 Ал мен Құдайды көмекке шақырамын,

Сонда мені құтқарады Жаратқаным.

18 Ертеңгісін, тал түсте және кешқұрым

Құдайыма дауыстап жалбарынамын,

Оның құлағына шалынады дауысым.

19 Маған қарсы шығып, шайқасқан көп жаудан

Құдай жанымды сақтап алады аман.

20 Ежелден Құдай тағында отырып келеді,

Мені естіп, жауды Өзіне бас игізеді.

Олар іс-әрекеттерін өзгертпей келді,

Құдайдан қорқып, Оны қастерлемей жүрді.

21 Дұшпаным54:21 Яғни бұрын сырлас досым болған адам (54:14). жасасқан келісімінен бас тартты,

Өзімен тату тұрғандарға қарсы шықты,

22 Сарымайдан да жұмсақ айтқан сөздері,

Бірақ қастандыққа толы оның жүрегі,

Иісмайдан да жағымды айтқандары,

Шынымен жалаң семсердей астарлары.

23 Жаратқан Иеге арт бар уайымыңды,

Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды,

Мәңгілік құлатпайды әділ жанды.

24 Алайда, уа, Құдайым, сол сұмдарды

Тастайсың Сен тұңғиық шыңырауға,

Қанішер жауыздардың жандары

Құриды жетпей-ақ жасының жартысына.

Ал мен болсам сенемін Жаратушыма.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.