Ізгі Бағушы
1 (Дәуіттің жыры.)
Жаратқан Ием — менің Бағушым,
Мен еш нәрседен де тарықпаймын.
2 Ол мені жасыл жайлауға жаяды,
Тұнық суға жетелеп апарады.
3 Ием жаныма күш дарытады.
Есімі «Қасиетті» деп аталады,
Содан артамын Оған сенімімді:
Ол мені тура жолмен жетелейді.
4 Қап-қараңғы шатқалда22:4 Немесе: Өлім қаупі төніп тұрған шатқалда. жүрсем де мен,
Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,
Себебі Өзің менің қасымдасың,
Жігер береді сойылың мен таяғың.
5 Сен маған дастарқан жаясың
Көз алдында дұшпандарымның,
Мені құрметпен қарсы аласың,
Тостағанды толтыра құясың.22:5 Немесе: Сен маған дастарқан жайып, басыма иісмай жағып (44:8), тостағанымды ернеулетіп толтырып бересің.
6 Жақсылық пен мейірімділік
Үлесім болады өмірлік,
Жаратқан Иенің үйінде
Мен қала беремін мәңгілік.