Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 72

Үшінші жазба

Зұлымның ақырын ұғып, қызғаныш-шүбәдан арылу

1 (Асафтың жыры.)

Құдай Исраил үшін қандай игі,

Жүрегі пәктер үшін мейірімді!

2 Ал мен тура жолдан тая жаздадым,

Тірегімнен айырылуға шақ қалдым.

3 Күнәкарлардың өркендеуін көрдім,

Менмендерге қызғана қарай бердім.

4 Өмірінде шекпейді олар азапты,

Денсаулығы мықты әрі қуатты,

5 Өзгелердей көрмейді ауыртпалықты,

Басқалардай жемейді олар соққыны,

6 Содан моншақтай тағып алып мақтанышты,

Әрі киімдей жамылған зорлық-зомбылықты.

7 Тым семіздіктен көздерін май басқан,

Арамдық пиғылдары да асып-тасқан.

8 Өзгелерді олар қорлап, жамандайды,

Паңдана зәбір-жапа жоспарлайды.72:8 Немесе: Паңдықтан адамдарды зорлық жасаймыз деп қорқытады.

9 Көкті ауызымен иеленгенсиді,

Жерге де тілімен билік еткенсиді.

10 Сондықтан да халық оларға бет бұрып,

Айтқандарын тыңдайды құштарланып:72:10 Немесе: Сондықтан Құдайдың халқы оларға бұрылып, суды тостағандап ішеді (яки: олардың өздеріне айтқандарын екі етпейді).

11 «Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдар

Мақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?»

12 Бейқам болып осы арам пиғылдылар

Молынан жинайды байлықтар.

13 Әлде бекерге жүрегімді пәк сақтап,

Қолымды күнәдан таза ұстадым ба?!

14 Сонда да күн ұзағына қиналып,

Таң атысымен түсемін азабыма!

15 Ал егер мен солай сөйлейін десем,

Халқыңды алдап, опасыздық жасар едім.72:15 Демек, (рухани) балаларыңның ұрпағын адастырып, теріс жолға салып, опасыздық жасар едім.

16 Мұның бәрін ақылға салып көргенімде

Көзім жетті аса қиын екеніне.

17 Соңында мен Құдайдың үйіне кірдім,

Ақыры солармен не боларын білдім:

18 Сен зұлымдарды тайғақ жолға түсіресің,

Биіктен құлатып, жойып жібересің.

19 Олар күтпеген жерден талқандалады,

Зәрелері ұшып, жойылып, жоғалады.

20 Я, Ием, көтерілсең, олар ғайып болар,

Оянғанда жоқ болатын түске ұқсар.

21 Ал жүрегім менің қызғаныштан күйді,

Жан дүнием шүбәдан налып ренжіді.

22 Сонда санасыз ақымақ болып қалдым,

Көз алдыңда ақылсыз хайуанға ұқсадым.

23 Алайда қасыңда боламын әрқашан,

Сен мені ұстап қолдайсың оң қолымнан,

24 Ақыл-кеңесіңмен мені бастайсың,

Ақыры салтанатыңа72:24 Яғни салтанатты мекеніңе. Яки: ұлылықпен (48:16). қабылдайсың.

25 Өзіңнен басқа кімім бар еді көкте?

Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де!

26 Тәнім әлсіреп, жаным шаршағанмен,

Уа, Құдай, мәңгілік жар72:26 Немесе: мәңгілік несібем (үлесіме тиген мұрам) (15:5). боласың Сен,

Жүрегімнің берік тірегі бола бересің.

27 Бірақ жойылады алшақтағандар Өзіңнен,

Безіп кеткендердің бәрін жоясың Сен.

28 Құдайға жақын болғаным қандай игі!72:28 Немесе: Құдай алдына барып, Оған сиыну мен үшін қандай игі!

Паналап Жаратушы Тәңір Ием — Сені,

Жариялап тұрмын күллі істеріңді.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.