Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 134

Жаратушының шексіз құдіреті мен рақымын дәріптеу

1 Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Жаратқан Иенің атын дәріптеңдер,

Өз қызметкерлері, Оны қастерлеңдер,

2 Құдайымыздың ғибадатханасында,

Оның киелі үйінің аулаларында!

3 Жаратқан Ие ізгі, Оны мадақтаңдар,

Бұл ұнамды, Оның атын әнмен даңқтаңдар!134:3 Немесе: Оның атына ән салыңдар, себебі бұл Оған ұнайды!

4 Өйткені Жаратқан Жақыптың әулетін таңдады,

Исраилді Өзінің меншігіне тағайындады.

5 Мынаны ұқтым: Жаратқан ерен ұлы,

Иеміз бар «тәңір, пір» атаулыдан жоғары!

6 Жаратқан Өзіне ұнамдысын жасайды да

Көк пен жерде, теңіз бен тұңғиықта.

7 Ол көкжиектен бұлттарды көтереді,

Нөсер мен найзағайды жібереді,

«Қоймасынан» желді айдап әкеледі.

8 Ол жойғызды Мысырдың тұңғыштарын,

Адамның да, малдың да тұңғыштарын,

9 Перғауын мен құлдарына қарсы Тәңір

Ғажаптар көрсетті өз араңда, уа, Мысыр.

10 Кейін көп халықтарды жеңіп шықты,

Күшті патшалардың көздерін құртты:

11 Аморлықтардың патшасы Сиғонды,

Сондай-ақ Башанның патшасы Оқты,

Қанаханның бар патшасын да құртты.

12 Олардың жерлерін мұра секілді

Өз халқы Исраилге меншікке берді.

13 Атың Сенің мәңгілік, уа, Жаратқан Ие,

Сен боласың бар ұрпақтың есінде.

14 Жаратқан Ие өз халқын ақтайтын болады,

Әрі қызметшілеріне рақым танытады.

15 Өзге ұлттардың пұттары134:15 Яки: Өзге ұлттар табынатын жалған тәңірлердің мүсіндері (113:12; Иш 24:14-19). күміс, алтыннан,

Адамдардың қолдарымен жасалған.

16 Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды,

Көздері бар, бірақ көре алмайды,

17 Құлақтары бар, бірақ ести алмайды

Және ауызынан дем де шықпайды.

18 Өлі пұтты жасаған пенде соған ұқсайды,

Мүсінге сенген әркім де содан аумайды.

19 Уа, Исраилдің үрім-бұтағы,

Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,

Уа, Һаронның үрім-бұтағы,

Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,

20 Уа, Леуінің үрім-бұтағы,

Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,

Уа, қастерлейтіндер Оны,

Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,

21 Сионнан мадақтаңдар Жаратқанды,

Уа, Иерусалим, Оның жердегі тұрағы!

Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.