Жаратқан Иемізді ән-күймен мадақтаңдар!
1 Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде,
Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!150:1 Яки: Мадақтаңдар Оны Өзінің құдіреті көрінетін (әуе) кеңістігінде (18:2; Жар 1:6-8; Иш 40:22).
2 Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін,
Мадақтаңдар Оны зор ұлылығы үшін!
3 Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің,
Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!
4 Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен,150:4 Яки: би билеп (149:3).
Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!
5 Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен,150:5 Яки: даңғыраның даңғырымен (Мыс 15:20-21).
Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!
6 Жаны барлар150:6 Яки: Тіршіліктің лебі барлар (Жар 2:7). түгелдей мадақтасын Иемізді!
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!