Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 3

Жәбірленушінің таң ата сиынып қайта жігерленуі

1 (Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне3:1 Пат2 15:13-17:22. арналған.)

2 Уа, Ием, жауларым сонша көбейді,

Көп адам маған қарсы көтерілді.

3 Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»

Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.

4 Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,

Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.

5 Жаратқанға дауыстап жалынам,

Ол жауап береді киелі тауынан.3:5 Киелі тау: Иерусалим қаласындағы Сион тауы. Сонда Дәуіт пайғамбардың заманында Құдайға бағышталған киелі шатыр тұрғызылып, кейін киелі үй (ғибадатхана) салынды.

6 Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам,

Содан оянып, тұрамын қайтадан,

Себебі мені қорғайды Жаратқан.

7 Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан

Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.

8 Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы,

О, Құдайым, мені құтқарсаңшы!

Сен жағынан ұрып күллі жауларымды,

Күшінен айырасың сол зұлымдарды.3:8 Немесе: Сол зұлымдардың тістерін қағып тастайсың.

9 Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің,

Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também