Күйзелген халықтың Құдайдың кереметтерін еске алуы
1 (Ән-күйдің жетекшісі Едутунге76:1 Шеж1 9:16; Шеж2 5:12. арналған Асафтың жыры.)
2 Мен Құдайға дауыстап жалбарынамын,
Құлақ түре көрсін деп Оған жалынамын.
3 Қиын кезде де Иеме бет бұрамын,
Түнде қол жайып, тоқтамай сиынамын,
Жан дүнием бас тартады жұбаныштан.
4 Қатты күйзелемін Құдайды есіме алсам,
Рухым әлсірейді, егер де ойға шомсам.
5 Уа, Ием, Сен мені ұйықтатпайсың,76:5 Яки: Сен көзімді жұмдырмайсың.
Қатты абыржып, сөйлей де алмаймын.
6 Ежелгі заман жайлы ойланамын,
Өткен ғасырларға ой саламын,
7 Түнде айтқан әндерімді еске аламын,
Рухым жауап іздеп, жүрекпен толғанамын.
8 Әлде Иеміз біржола бас тартты ма?
Енді қайтып ықылас танытпай ма?
9 Берік мейірімі мүлдем үзілді ме?
Берген сөзі мәңгілік күйреді ме?
10 Мейірленуді Құдай ұмытқан ба?
Қаһары рақымын басып тастаған ба?
11 Мен былай деймін: «Құдай Тағаланың
Құдіреті76:11 Немесе: Оң (яғни құдіретті) қолы. өзгеріпті, бұл — нағыз азабым».
12 Ием, Сенің істеріңді еске аламын,
Ежелгі кереметтеріңді ойға аламын,
13 Бар іс-әрекетің жайлы ойланамын,
Ұлы істерің жөнінде толғанамын.
14 Жолдарың Сенің, уа, Құдай, қасиетті,
Өзіңдей тәңір бар ма құдіретті?
15 Сен кереметтер жасайтын Құдайсың,
Халықтарға күш-қуатыңды таныттың,
16 Құдіретіңмен халқыңды құтқардың:
Жақып пен Жүсіптің осы ұрпақтарын.
17 Уа, Құдай, Қамысты теңіз Сені көрді,
Суы Өзіңді байқап үрейленді,
Теңіздің тұңғиығы дүр сілкінді.76:17 Мыс 13:18; 14:21.
18 Бұлттар сонда жерге нөсер жаудырды,
Аспанда күн күркіреп жаңғырды,
Найзағай жебедей ұшып жарқылдады.
19 Құйында76:19 Немесе: Аспан күмбезінде. Сенің даусың күркіреді,
Жай оты әлемге жарығын түсірді,
Һәм жер беті шайқалып дірілдеді.
20 Сонда Сен теңіз арқылы жол жүрдің,
Ұлан-ғайыр су арқылы қадам бастың,
Ал көзге көрінбеді іздерің Сенің.
21 Содан халқыңды отардай бастадың
Жетекшілігімен Мұса мен Һаронның.76:21 77:52; 79:2; 104:26; Мыс 13:21; 14:19; 6:26.