Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 109

Жаратқан Ие тағайындаған ұлы патша

1 (Дәуіттің жыры.)

Жаратқан Ие менің иеме109:1 Немесе: Иеме. (Алғашқыда осы бата Сүлеймен таққа отырғанда айтылған шығар. Ол толық мәнісінде Мәсіх арқылы жүзеге асты: Елш 2:35-36.) былай деп айтқан:

«Мен жауларыңды табаныңның астына

Салып бергенімше отыр оң жағымда».

2 Жаратқан Сионнан билігіңді құрғызады сенің,109:2 Немесе: Асатаяғыңмен (яғни қолыңдағы өкімет белгісімен) Жаратқан Ие саған Иерусалимнен тысқары да билік жүргіздіреді.

Енді жауларыңа да үстемдік жүргізесің,

3 Сен патшалық құрған күні бағынады халқың.109:3 Немесе: Шайқасқа шыққан (яки күш-қуатқа ие болған) күніңде әскерің саған еруге дайын тұр.

Туғаннан-ақ киелі салтанат жамыласың,

Күн сайын таң ата жаңаратын шық сияқты,

Сен де ұдайы жасара түсетін боласың.109:3 Немесе: Жас жігіттерің қасыңа жиналады.

4 Жаратқан былай деп ант берген еді,

Онысын ешқашан да өзгертпейді:

«Сен Мәліксадықтай109:4 Жар 14:18. діни қызметкерсің,

Мәңгі сондай болып қала да бересің!»

5 Жаратқан Ие сенің оң жағыңда тұрады,

Қаһарланған күні Ол патшаларды ұрады,

6 Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды,

Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады.

7 Патша жолшыбай бұлақтан сусындап алады,

Еңсесін көтеріп, жеңімпаз болып шығады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também