Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 120

Құдайға сиыну жыры және сапар бата

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

«Тауға көзді қадаймын

Қайдан жәрдем келер деп.

2 Көк пен жерді жаратқан

Құдай Ием маған жар».

3 «Тайдырмайды Ол табаныңды,

Ұйықтамайды Қорғаушың,

4 Исраилді Қолдап-қорғаушы

Қалғымайды да ұйықтамайды.

5 Қорғаушың — Жаратқан Ие,

Қасыңда Ол саяң болып жүреді,

6 Күндіз күннің, түнде айдың

Тимесін деп сәулелері.

7 Жамандықтың барлығынан

Жаратқан Ие сені сақтайды,

Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.

8 Бүгіннен бастап мәңгі бақи

Иеміз қорғайтын болады

Барып-келу сапарыңды».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também