Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 57

Әділетсіз билерді жазалауды сұраған мінажат

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты.)

2 Уа, билер,57:2 Яки: құдайлар, немесе: күш иелері. (Билер және соттар Хақ Тағаланың атынан әділдік орнатып, үкім шығаруға қойылғандықтан кейде солай аталатын: Мыс 21:6; Шеж2 19:4-7.) шындықты айтасыңдар ма,

Жұртқа әділ үкім шығарасыңдар ма?

3 Жоқ, іштей әділетсіздік жоспарлайсыңдар,

Елге билік айтқанда зорлық жасайсыңдар!

4 Зұлымдар туғаннан-ақ жолдан адасады,

Құрсақтан-ақ жаңылып, жалған айтады.

5,6 Айтқан сөздері зәрлі жыланның уындай,

Олар шебер арбаушының да даусын тыңдамай

Құлағы бітелген улы сұр жыландай.

7 Уа, Құдай, олардың тістерін қиратшы,

Ием, арыстандай жақтарын күйретші,57:7 Демек, аузындағы «қарулары» сындырылып, шығарылсын (7:3; 56:5).

8 Ағып кеткен судай олар жоғалсын,

Тартқанда жебелері сынып қалсын,57:8 Демек, олардың қару-жарақтары пайдаға аспасын!

9 Жорғалап жоқ болар ұлудай құрысын,

Тасталған түсіктей күн көзін көрмесін!

10 Тікенді бұтақ жанған от үстіндегі

Қазанның тез қайнайтыны секілді,

Құдайдың қаһары сол тірілерді

Құйындай көтеріп алып кетеді.

11 Тәңірдің жазалауын әділдер көріп қуанады,

Зұлымның құрып кеткеніне риза болады.

12 Жұрт былай дер: «Рас, әділ жан сыйын алады,

Жерде шынымен Құдай үкім шығарады!»

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também