Ауыр жағдайдың тұңғиығынан айтылған дұға
1 (Киелі үйге өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Ауыр жағдайымның тұңғиығынан,
Уа, Жаратқан Ием, дауыстаймын Саған.
2 О, Тәңір Ием, даусымды тыңдай гөр,
Мінажатыма менің құлақ түре гөр!
3 Ием, Сен күнәларды есіңнен шығармасаң,
Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан?
4 Бірақ Сен кешірім беруге әзірсің,
Содан бәрі Сені қастерлей берсін!
5 Шын жүректен Иеме сенім артамын,
Берген сөзіне үмітімді артамын.
6 Күзетші күткендей таңның атуын,
Қарауыл аңсағандай күннің шығуын,
Жан-тәніммен Иемді күтіп сағынамын.
7 Уа, Исраил халқы, сенім арт Жаратқанға,
Рақым мен құтқаратын күш шексіз Онда.
8 Бар күнәсінің құнын төлеп, Исраилді
Құтқарып Жаратқан Ие азат етеді.