Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 85

Озбырлық көрген адамның мінажаты

1 (Дәуіттің мінажаты.)

Уа, Жаратқан, жарлымын, зәрумін көмегіңе,

Құлақ тосып, жауап берші өтінішіме.

2 Құдайым, қорғай гөр жанымды Саған арналған,

Құтқара гөр құлыңды Өзіңе сенім артқан.

3 Рақымыңды түсіре гөр, уа, Жаратқан Ием,

Күнде Саған үздіксіз сиына берем.

4 О, Жаратқан, жадырата гөр пендеңнің жанын,

Себебі бір Өзіңе сенімімді артамын.

5 Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығына

Кешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да.

6 О, Жаратқан, мінажатыма құлақ сала гөр,

Жалбарынған дауысыма көңіліңді бөле гөр.

7 Тек Өзіңе сиынамын күн туғанда басыма,

Өйткені жауап бересің Сен мінажатыма.

8 Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлері

Арасында жоқ Сендей бірде-біреуі!

Сенің жасаған кереметтерің іспетті

Жоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері.

9 Өзің жаратқан күллі ұлттар алдыңа келеді,

Есіміңді ардақтап бастарын иеді.

10 Себебі Сен ұлысың, ғажап істер жасайсың,

Уа, Жаратқан Ие, жалғыз Өзің Құдайсың!85:10 Заң 6:4; Иш 43:10.

11 О, Жаратқан, ақ жолыңа бағыттай гөр мені,

Өзіңнің шындығыңа сәйкес жүргім келеді,

Тек Сені ардақтауға нығайтшы жүрегімді.

12 Уа, Құдай Ием, Өзіңді шын жүректен мақтаймын,

Әрі Сенің есіміңді мәңгі бақи даңқтаймын.

13 Сондай зор Сенің маған түсірген шапағатың,

О дүниенің тұңғиығынан аман сақтадың!

14 Тәкаппар жандар маған қарсы бас көтереді,

Қатыгездер тобы мені құртқысы келеді,

Олар Саған мойынсұнып, менсінбейді.

15 Ал Сен рақымды да қайырымды Құдайсың,

Уа, Ием, Сен тез қаһарланбайсың,85:15 144:8; Мыс 34:6.

Шексіз Сенің мейірімің мен адалдығың.

16 Маған көз қырыңды салып рақым ете көрші,

Қызметшіңмін, нығайтып, аман сақтай көрші,

17 Маған ізгілікпен қарайтыныңды көрсетші!

Уа, Жаратқан, жауларым соны көріп, ұялсын,

Өйткені Өзің маған демеу болып, жұбаттың.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.