Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 11

Арсыздардың құрсауынан құтқаруды өтінген мінажат

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

2 Уа, Жаратқан, құтқара гөр, әділдер қалмады,

Адамзат арасынан адал атаулы жоғалды!

3 Әрбір жан жақындарына жалғандық айтады,

Мүләйім жүзбен сөйлесіп, жағымпазданады.

4 Ием тілдерін олардың бөсіп мақтанатын

Тоқтата көрсін әрі жағымпаз ауыздарын.

5 «Тілімізбен жеңеміз, аузымыз өзіміздікі!

Кім билік жүргізбек бізге?» деп олар көпіреді.

6 «Жарлылар жапа шегіп, кедейлер де күрсінеді,

Енді орнымнан тұрамын! — дейді Жаратқан Ие, —

Қауіптен қорғаймын Мен жәбір көргендерді».11:6 Немесе: Қауіптен қорғаймын Мен соны аңсағандарды.

7 Жаратқанның сөздері таза да сенімді,

Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді.11:7 65:10.

8 Жаратқан Ие, қаналғандарды Сен қорғайсың,

Сол арсыз ұрпақтан оларды мәңгі сақтайсың.

9 Ал зұлымдар әлі де емін-еркін жүреді,

Адамдар арасында арсыздық11:9 Немесе: арсыздар. дәріптеледі.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também