Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 148

Күллі әлем Жаратқан Иені мадақтасын!

1 Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Жаратқан Иені көктен мақтаңдар,

Заңғар аспанда Оны даңқтаңдар,

2 Мадақтаңдар Оны, бар періштелер,

Мадақтаңдар Оны бәрің, көктегілер,

Оған бағышталған нөкерлері, сендер!

3 Мадақтаңдар Иемізді, күн мен ай да,

Барлық жарқылдаған жұлдыздар да,

4 Мадақта Оны лайым, аспан заңғар,

Мадақтаңдар Оны, бұлттан жоғары сулар!

5 Жаратқанның атын дәріптесін барлығы,

Ол бұйрық бергенде әлем жаратылды,

6 Мәңгілікке148:6 Яки: Көптеген ғасырларға (Соф 1:18; 3:8; Пет2 3:7). берік орнатты Ол соларды,

Әрдайым сақталады берген жарлықтары.

7 Мадақтаңдар Жаратқанды, жердегілер,

Алып балықтар мен түпсіз теңіздер,

8 Найзағай мен бұршақ, қар және тұман,

Дауыл да Оның бұйрығына бағынған,

9 Мақтаңдар Оны, бар төбелер мен таулар,

Жеміс ағаштары мен күллі самырсындар,

10 Алуан түрлі аңдар және малдар,

Құстар әрі бауырымен жорғалаушылар!

11 Әлемнің патшалары мен бүкіл халықтар,

Жердегі әміршілер және барлық соттар,

12 Мадақтаңдар Оны, жігіттер мен қыздар,

Қарттармен қатар сендер де, балалар!

13 Мадақтасын бәрі де Жаратқанның атын,

Тек Ол ғана жоғары барлығынан,

Даңқы Оның жер мен аспаннан асқан.

14 Ол Өзінің халқына күш-қуат дарытты,148:14 Яки: халқына мықты патша тағайындады. (Немесе: халқына арнап мүйіз шығарды: 131:17; Пат1 2:1,10.)

Бар адал жандарға мақтау әнін айтқызды,

Исраил ұрпақтарының даңқын асырды,

Осы халық Өзімен тығыз байланысты.

Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.