Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 59

Жаулардың қыспағынан құтқаруды өтінген дұға

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Келісім қызғалдағы» әуенімен айтылатын Дәуіттің насихат мінажаты. 2 Ол Дәуіттің Батыс Месопотамияның әрі Собаның арамалықтарымен шайқасып жүрген кезінде Жоғаб қайта оралып, он екі мың едомдықты Тұзды аңғарда күйреткен оқиғаға59:2 Пат2 8:3-5,13. арналған.)

3 О, Құдай, Сен бізден бас тарттың,

Қаһарланып бізді талқандадың,

Бізге бұра гөр бетіңді қайтадан.

4 Сен жерді сілкілеп, қиратқан едің,

Ол шайқалып тұр, жазшы жарылған жерлерін.

5 Өз халқыңның басына пәле түсірдің,

Теңселтетін «шараптан» оған ішкіздің.59:5 Яғни өз халқыңа қиыншылықтар көрсеттің, қаһарыңа толы «тостағаныңнан ішкіздің» (Иш 51:17,19,22).

6 Сен Өзіңді қастерлейтіндерге ту бердің,

Олар соны көтерсін деп шындық үшін.59:6 Немесе: Олардың (шабуыл жасап жатқан) садақшылардан қорғануы үшін.

7 Сүйіктілерің лайым аман сақталсын

Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын!

8 Құдай былай деді киелі мекенінен:

«Мен шаттанып Сихемнің жерін59:8 Жар 12:6; 33:18-19; Пат1 12:25. бөліп беремін,

Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.59:8 Яғни Соқот аңғарын да өлшеп, (халқыма) үлестіремін (Жар 33:17; Шеж2 4:17).

9 Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,

Ефрем руы болады басты қорғаным,

Яһуда руынан шығады патшаларым.59:9 Яки: Яһуда — Менің (патша) таяғым. (Патшаның асатаяғы патшалық биліктің белгісі болатын: Жар 49:10.)

10 Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады,

Едом жері де меншігіме айналады,59:10 Яки: Едом үстіне аяқкиімімді лақтырамын. (Осы салт бір жерді өзінің меншігіне айналдыруды білдіретін: Рут 4:7.)

Філістір елі де бой ұрып Маған қуанады».

11 Кім мені қамалды қалаға кіргізеді?

Кім Едом елінің ішіне енгізеді?

12 Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан,

Әскерімізбен бірге шабуылға шықпаған?

13 Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы,

Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны.

14 Зор істер істейміз Құдай жар болғанда,

Жауларымызды таптайды Ол аяғына.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.