Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 21

Азап шеккен жанның Құдайға жалбарынып, Оны мадақтауы

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Таң атқандағы жәрдем»21:1 Немесе: «Таң атқандағы марал». әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

2 О, Құдайым, Құдайым менің!

Неліктен мені жалғыз қалдырдың?

Айқайлаған даусыма құлақ салмайсың,

Мені құтқарудан неге алшақсың?

3 Құдайым, күндіз шақырсам, жауап қатпайсың,

Түнде де айқайлап, тыным таппаймын.

4 Бірақ Сен киелісің, Исраил халқың

Сені мадақтайтын тағыңда отырасың.

5 Ата-бабамыз Өзіңе иланып жүрді,

Сөзіңе сенді, Сен де азат еттің.

6 Саған сиынып, олар құтқарылды,21:6 Яғни Құдай халқының ата-бабалары (21:5; Мыс 2:23; 3:7; Еш 6:5; Бил 3:9; 4:3; 6:6; Пат1 17:11,45-50).

Өзіңе сеніп ұятқа қалмады.

7 Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын,

Жұрт ұрсып, елемейді мені халқым,

8 Көргендердің бәрі келекелейді,

Басын шайқап, балағаттап былай дейді:

9 «Ол Жаратқанға үмітін артқан екен,

Сол оны аман қалдырсын пәледен!

Жаратқан Ие разы болса оған,

Құтқарып алсын оны қиындықтан!»

10 Ал мені ана құрсағынан Сен шығардың,

Жас кезімнен21:10 Яки: Анамның төсін еміп жатқан кезімде-ақ. Өзіңе иландырдың,

11 Туғаннан-ақ қолдауыңа мұқтажбын,

Өмір бойы Сенсің Құдайым менің,

12 Енді алыстай көрме менен Өзің.

Себебі азап-бейнет қалды таяп,

Қол ұшын берерім жоқ мені аяп.

13 Сүзеген бұқадай жау алды қоршап,

Башандық бұқадай21:13 Башан тауындағы жайлауларда жайылып жүретін, ерен мықтылығымен танымал болған бұқалар осында сенушінің мықты да жауыз жауларын астарлап бейнелейді (21:22; 67:16; Езк 39:18). жан-жақтан қыспақтап,

14 Ақырған арыстандай жемге құмартып,21:14 Немесе: Ақырған арыстандай олжасын паршалап.

Аранын ашады, маған қарсы шығып.

15 Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап,

Сүйектерім буынынан қалды босап.

Кеудемде жүрегім балауыз құсап

Әбден балқып, елжіреп кетті босап.

16 Қыш құмыраның сынығына ұқсап

Күшімнен айырылып қалдым қурап,

Тілім қалды таңдайыма жабысып,

Өлім топырағына бердің мені қиып!21:16 Жар 2:7; 3:19.

17 Төбеттердей жан-жақтан қыспақтады

Сол жауыздар, лек-легімен қоршап алды,

Аяқ-қолымды түйреп жаралады!

18 Сүйектерімді шыға алам санап,

Ал халық тұр маған қадала қарап.

19 Жау жамылғымды бөлісіп алады,

Киімім үшін жеребе салады.

20 Уа, Ием, Сен менен алшақтай көрме,

Күшім менің, тез келе гөр көмекке,

21 Өмірімді аман сақтап семсерден,

Құтқара гөр «төбеттердің» күшінен!

22 Құлақ сап, құтқара гөр «арыстанның

Араны» мен «мүйізінен бұқаның».

23 Атыңды бауырларыма білдіремін,

Қауым жиынында Сені дәріптеймін:

24 «Ей, Жаратқанды терең қастерлейтіндер,

Оны әрдайым мадақтай беріңдер!

Ей, Жақыптың бүкіл үрім-бұтағы,

Жаратқанды ұдайы дәріптеңдер,

Иә, Исраилдің бар ұрпақтары,

Иемізді құрметтей беріңдер!

25 Жарлының азабынан Ол жиренген жоқ,

Құдай бет-жүзін одан жасырған жоқ,

Қайта, құлақ салды шақырған даусына».

26 Сені мадақтаймын үлкен жиында,

Уәдемді орындап халқыңның алдында,21:26 Яки: Уәдемді орындап Сені терең қастерлеп мойынсұнатындардың алдында.

27 Жарлылар мейрамдап, тойынады да.

Құдайға сиынғандар мақтау айтсын —

Лайым жандарың аман-есен болсын!

28 Жер шетіндегілер де мұны ескереді,

Жаратқан Иеге бет бұрып дұға етеді,

Бар ұлттардың әулеттері бас иеді,

29 Себебі билік Жаратқанның қолында,

Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да!

30 Жердің бар байлары тойына қатыспақ,

Жаратқанның аяғына жығылып сиынбақ,

О дүниеге аттанатын жандар —

Өмірі өткінші бүкіл адамдар

Оның алдында тізерлеп иілмек.21:30 Иш 45:23.

31 Келер ұрпақтар Оған қызмет етпек,

Барлығы Иеміз туралы естімек,21:31 Немесе: Жаратқан Иенің атымен аталмақ.

32 Содан Оның әділдігін дәріптеп,

Жаңа туған халыққа да паш етпек.

Себебі Құдай мұны бітірді Өзі істеп.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.