Әлемді әділ соттаушы Құдайға сенім арту
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме!» әуенімен айтылатын Асафтың әні әрі жыры.)
2 Саған мақтау айтамыз, уа, Құдайым!
Сені дәріптейміз, бізге жақынсың,74:2 Яки: Сені даңқтаймыз, есімің бізге жақын.
Паш етіледі керемет істерің.
3 Сен былай дедің: «Кезін Мен белгілеймін,
Әділетті сотты Өзім жүргіземін.
4 Шайқалады жер күллі тұрғындарымен,
Тіреулерін оның берік ұстаймын Мен».
5 «Бөсуіңді тоқтат!» — дедім мақтаншаққа,
«Жұдырығыңды74:5 Немесе: мүйізіңді. (Бұқаның мүйізі оның зор күшін бейнелегеніндей, мұнда «мүйіз» адамның қара күшіне меңзейді: 74:10; Заң 33:17; Пат1 2:1.) көтерме! — дедім арамзаға, —
6 Көкке қарсы да жұдырығыңды көтерме,
Тоңмойын болып паңдана сөйлеме!»
7 Шығыс, батыс не айдаладан келген
Ешкім басқаны жоғарылатпас шынымен,
8 Себебі сотты Құдайдың Өзі жүргізеді,
Ол біреуді түсіріп, басқаны көтереді.
9 Жаратқанның қолында «қаһарлы тостаған»,74:9 Шарапқа толы тостаған осында Құдайдың зұлымдарға деген қаһарын астарлап білдіреді (Иш 51:17).
Іші дәмдеуіштермен араласқан
Көпірген «жаңа шарапқа» толған.
Оны құйып береді Жаратқан,
Бар зұлымдар ішуге тиіс содан,
Сарқып ішеді тіпті ашытқысынан.
10 Ал мен Иемнің істерін мәңгі паш етемін,
Жақыптың сиынған Құдайын әндетемін,
11 Өйткені Құдай Иеміз былай деген:
«Мен зұлымдарды күшінен айырамын,
Ал әділдің күш-қуатын молайтамын!»74:11 Немесе: Мен зұлымдардың мүйіздерін сындырып тастаймын, ал әділдердің мүйіздері жоғарылатылады (74:5).