Құдайға сеніп тынышталу
1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)
Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін,
Паңдана қарамайды көздерім менің,
Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын,
Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,130:1 Немесе: Қол жеткізбес (қияли) мақсаттарға да ұмтылмаймын.
2 Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта.
Бейқам жүр сәби анасының қасында,130:2 Немесе: Бейқам жатыр емшектен шығарылған (яки: еміп тойынған) бөбек анасының қасында.
Сол нәресте сықылды өз жаным да
Тыныш жатыр бейқам болып бойымда.
3 О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгіге
Шын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!