Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 53

Қиын-қыстау кезде Құдайға сенім арту

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры. 2 Зифтің бірнеше тұрғынының Саулға барып: «Дәуіт біздің жақта тығылып жүрген сияқты!» деп хабар жеткізген кезіне53:2 Пат1 23:19-20; 26:1. арналған.)

3 Уа, Құдай, ұлы атың үшін құтқара гөр,

Зор құдіретіңмен мүддемді қорғай гөр!

4 О, Құдайым, дұғама құлақ сала гөр,

Аузымнан шыққан сөздерге көңіл бөле гөр!

5 Бөгде адамдар маған қарсы шықты,

Зорлықшыл сұмдар жанымды алмақшы,

Олар еш ойламайды Құдай туралы.

6 Алайда Құдай маған жар болады,

Жаратқан Ие жан дүниемді нығайтады,53:6 Немесе: Жаратқан Ие жанымды қорғап-қолдайды.

7 Сұмдығының есесін жауыма қайтарады.

Ием, адалдығыңа сай оларды талқандашы.

8 Өз еркіммен Саған құрбандық шаламын,

Уа, Ием, ізгі атыңа мақтау айтамын.

9 Сен құтқарып алдың мені бар пәледен,

Жауларымның жеңілгенін көрдім көзіммен.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também