Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 13

Құдайсыздарды сақтандырып, сенушілерді жігерлендіру

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды,

Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды,

Әрі ешқайсысы да жақсылық жасамайды.

2 Жаратқан Ие көктен көз салады адамзатқа:

«Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?»

Деп байқайды Ол. 3 Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға,

Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.

Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.

4 Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен?

Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен,

Жаратқанға сиыну ойларына еш түспеген.

5 Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады,

Өйткені Құдай әділ ұрпаққа жар болады.

6 «Әй, зұлымдар, күлесіңдер жарлының ниетіне,

Бірақ қолдап-қорғайды оны Жаратқан Ие!»

7 Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!

Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде,13:7 Яки: өз халқына игіліктерін қайтадан сыйлағанда (52:7; Заң 30:3).

Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,

Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também