Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 84

Құдайдан халқына қайта рақым көрсетуін сұрау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорахтың ұрпақтарының жыры.)

2 Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың,

Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың.84:2 Яки: Жақыптың ұрпағына игіліктерін қайтадан сыйладың (13:7; 52:7; 125:4; Заң 30:3).

3 Халқыңның кінәсіне кешірім жасадың,

Барлық күнәларын да жауып тастадың.

4 Сонда Сен ашу-ызаңды түгел бастың,

Жалындаған қаһарыңнан бас тарттың.

5 Құтқарушымыз Құдай, қалпымызға келтірші,

Бізге деген наразылығыңды бәсеңдетші.

6 Әлде мәңгі бізге қаһарлана бермекпісің,

Ұрпақтан ұрпаққа ашуыңды төкпекпісің?

7 Өз халқыңның Саған шаттануы үшін

Өмірімізді қайтадан жаңартпаймысың?

8 Бізге тұрақты рақымыңды таныта көрші,

Уа, Жаратқан, пәледен құтқара көрші.

9 Құлақ түремін Құдай Иенің айтарына,

Тыныштықты уәде етеді Ол өз халқына —

Таңдап алған өз адал адамдарына,

Халық тек қайтпаса ақымақтық жасауына!

10 Сөз жоқ, Өзін қастерлейтін жандарды

Құдай жақында құтқаратын болады,

Осылайша Оның даңқты ұлылығы

Елімізге орнығатын болады.

11 Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі,

Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді.84:11 Немесе: Әділдік пен татулық «бір-бірімен сүйіседі». (Яғни Құдай меншікті халқына рақымын төккен кезде оларға әділдік сыйлап, оларды Өзімен татуластырады, сонда әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді: 88:15-17; Рул 6:24-26; Иш 9:7; 60:17.)

12 Адалдық84:12 Яки: Шындық, ақиқат. жер бетінен көктеп шығады,

Әділдік көктен төмен қарап тұрады.

13 Шынымен Жаратқан Ие игілік сыйламақ,

Содан жеріміз бізге өнімін ұсынбақ,

14 Жаратқанның алдынан әділдік жүрмек,

Оның жүретін жолдарын дайындап бермек.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também