Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 28

Хақ Тағаланың табиғатта көрінетін құдіреті

1 (Дәуіттің жыры.)

Ей, мықтылар,28:1 Яки: мықтылардың ұлдары (Жар 6:2). Немесе: Құдайдың (рухани) ұлдары (не нөкерлері — періштелер: Әйүп 1:6). Жаратқанды дәріптеңдер,

Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,

2 Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,

Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер!28:2 Немесе: Жаратқан Иеге Оның салтанатты киелі орнында бас иіңдер!

3 Жаратқанның даусы сулардың үстінде,

Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде,

Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде.28:3 Яки: (Жерорта теңізіндегі немесе бұлттардағы) зор сулардың үстінде.

4 Жаратқанның даусы тым құдіретті,

Жаратқанның даусы асқан айбатты.

5 Оның даусы самырсынды сындырады,

Ливанның самырсындарын құлатады,

6 Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді,

Хермон тауын28:6 Яки: Сирионды (Хермон тауының ежелгі аты: Заң 3:9). жас бұқадай сілкінтеді.

7 Жаратқанның даусы от-жалын шашады,

8 Оның даусы иен даланы шайқалтады,

Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.

9 Жаратқанның даусы емендерді сілкілейді,28:9 Немесе: Жаратқанның дауысы маралдарды төлдетеді.

Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді.

Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады.

10 Жаратқан топан су үстінде тақта отырады,

Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.

11 Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады,

Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também