Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 131

Құдайдың Дәуітке берген уәдесін есіне салып Сион үшін сиыну

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Уа, Жаратқан Ие, есіңе түсірші

Қиындық молынан көрген Дәуітті.

2 Ол Жаратқан Иеге уәде етті,

Жақыптың131:2 Яғни Исраил халқының. сиынатын құдіретті

Құдайына былай деп ант берді:

3 «Мен кірмеймін үйімнің ішіне,

Әрі жатпаймын төсегіме,

4 Ұйқы бермеймін көздеріме,

Мүлгітпеймін кірпіктерімді,

5 Жақыптың сиынатын құдіретті

Құдай Иесіне жер бетіндегі

Тұрағын салып бермейінше».

6 Сандықтың Ефратада екенін естідік,

Иғарым даласынан оны таптық.131:6 Немесе: Ефрата аймағынан оны естідік, (Кирият-)Иғарым (Пат1 6:21; Пат2 6:2) даласында оған тап болдық.

7 Жүріңдер, тұрағына Оның кірейік,

«Табан тіренішінде»131:7 98:5; Шеж1 28:2; Иш 66:1. мінажат етейік.

8 Уа, Жаратқан Ие, көтерілші,

Тынығар киелі тұрағыңа кірші,

Сандығыңмен бірге — құдіретіңнің белгісі.

9 Діни қызметкерлерің әділдік жамылсын,

Өзіңе адалдар шаттана ән-жыр айтсын.

10 Қызметшің Дәуітті есіңе алсаңшы,

Тағайындаған патшаңнан131:10 Яки: Май жағу рәсімі жасалған патшаңнан (2:2; Пат1 2:10; 10:1). бас тартпашы.

11 Дәуітке былай деп ант берді Жаратқан,

Шынайы сертін бұзбайды Ол ешқашан:

«Бір ұрпағыңды өзіңнен тараған

Мен сенің тағыңа отырғызамын.

12 Келісімім мен ережелерімді

Ұрпақтарың Өзімнен үйренеді.

Егер соларды ұстанатын болса,

Олардың ұрпақтары сенің тағыңда

Әрқашан отыратын болады да».

13 Өйткені Жаратқан Ие Сионды таңдады,

Оның жердегі тұрағы болуын қалады:

14 «Бұл — Менің ұдайы тынығар тұрағым,

Мен мұнда орнығамын, сол — Менің қалауым.

15 Бұл қаланы өркендетіп, жарылқаймын,

Мұқтаждарын тамақпен қарық қыламын.

16 Дін қызметкерлеріне құтқаруды тапсырамын,

Өзіме адалдар ән-жыр айтып шаттансын.

17 Мұнда Дәуіттің күшті ұрпағын шығарамын,131:17 Немесе: Мұнда Дәуіт үшін бір мүйіз шығарамын. (Мүйіз осында Дәуіттен тараған бір күшті патшаны астарлап білдіреді: 148:14.)

Бұл патшамның өмір шырағын жандырамын,131:17 17:29; Шеж2 21:7.

18 Басындағы тәжін жарқыратамын,

Ал оның жауларын ұятқа қалдырамын».

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.