Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 149

Құдай халқының мадақтау жыры

1 Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Жаратқан Иеге жаңа ән-жыр салыңдар,

Сенушілер қауымында Оны мадақтаңдар!

2 Шаттан, Исраил, өзіңді Жаратқанға,

Сион халқы қуансын Патшасына,

3 Би билеп149:3 29:12; Мыс 15:20-21; Бил 21:19,21; Пат2 6:14,21. мадақтасын Оның атын,

Дауылпаз, жетігенмен ән шырқасын!

4 Жаратқан өз халқынан рақат табады,

Кішіпейілдерді даңқтап, құтқарады.

5 Адал жандар бұл құрметке шаттансын,

Төсекте жатып та қуана ән салсын,

6 Аузында Құдайды мақтайтын ән болсын,

Қолдарына екі жүзді семсер ұстасын,149:6 Нех 4:17; Евр 4:12; Еф 6:12-13,17.

7 Бас көтерген149:7 Яки: Құдайға мойынсұнбайтын. ұлттарды соттау үшін,

Қыңыр халықтарды жазалау үшін,

8 Олардың патшаларын кісендеу үшін,

Төрелерін темірмен шынжырлау үшін,

9 Жазылған үкімдерін орындау үшін.

Бұл — құрмет Оған бағышталғандар үшін.

Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também