Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 60

Құдайдың қорғауын сұраған мінажат

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

2 Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр,

Мінажатыма менің ден қоя гөр.

3 Сары уайымға салынды жан дүнием,

Өзіңе сиынамын жердің шетінен,

Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.

4 Себебі бас сауғалар панам болып келесің,

Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің.

5 Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы,

«Қанатыңның астынан» тыным табайыншы,60:5 62:8.

6 Өйткені берген анттарымды Сен естідің,

Өзіңді қастерлейтіндермен бірге үлес бердің.60:6 Яғни Сені қастерлейтін халқыңның арасында тұруым үшін (еліңдегі) жер үлесімді белгілеп бердің.

7 Патшаның ғұмыр жасын ұзарта гөр,

Ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра гөр,

8 Уа, Құдай, алдыңда ол мәңгі билік құрсын,

Лайым рақым мен шындығың оны қорғасын.

9 Сенің атыңды әрдайым мадақтаймын,

Берген анттарымды күнде орындаймын.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também