Әлемнің ұлы Патшасы — Жаратқан Иеміз
1 Жаратқан Иеміз патшалық құрады,
Керубтер арасындағы «тағында» отырады.98:1 Екі керуб мүсіні орнатылған Келісім сандығының алтын қақпағы ежелде «Жаратқан Иенің жер бетіндегі тағы» деп те аталатын. Келісім сандығы бастапқыда киелі шатырдың, ал кейін киелі үйдің ең қасиетті бөлімінде орналасқан еді (79:1; Мыс 25:18,22; 40:20,21; Шеж2 3:10; 5:13-6:2; 7:15).
Халықтар Оны қастерлеп қалшылдасын,
Жер де Тәңір Иеден қорқып шайқалсын!
2 Жаратушы Сионда салтанатпен тұрады,
Оның даңқы бар халықтардан жоғары.
3 Уа, Ием, ұлы да айбарлы98:3 Яки: қастерлі, үрейлі. есіміңді
Халықтар мадақтасын: ол киелі!
4 Құдіретті патша, ұнатасың әділдікті,
Сен жер бетіне орнаттың әділетті.
Жақыптың үрім-бұтағына шындықты
Бекіттің, уа, Ием, және адалдықты.
5 Мақтау айтыңдар Иеміз — Құдайға:
Ол киелі! «Табан тіренішінің» алдында98:5 Яғни Сиондағы киелі үйінің алдында (Шеж1 28:2-3).
Бас иіп ғибадат етіңдер Құдайға!
6 Оның діни қызметкерлерінің арасында
Мұса мен Һарон болды ежелгі заманда.
Атын атап Оған сиынғандар арасында
Самуил пайғамбар да болды баяғыда,
Жаратқан құлақ салды олар сиынғанда.
7 Бұлт бағанасынан98:7 Яғни бағана тәрізді нұрлы бұлттан (Мыс 33:9-11; Рул 12:5). Ол сөзін жолдады,
Ережелер мен жарлығын жариялады,
Ал халық соларды сақтап орындады.
8 Уа, Құдай Иеміз, оларға құлақ салдың
Әрі кешірім беретін Құдайы болдың,
Ал зұлым істерін жазалайтынсың.98:8 Немесе: Ал оларға зұлымдық істегендерді жазалайтынсың.
9 Құдай Иемізді даңқтап дәріптеңдер,
Қасиетті тауында Оған бас иіңдер,
Құдай Иеміз киелі, соны біліңдер!