Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 19

Жаратқан Иеден жеңіс тілеген мінажат

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2 Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын,

Жақыптың Құдайы19:2 Немесе: Жақыптың Құдайының есімі. («Құдайдың есімі» Оның киелі, құдіретті, игі және рақымды екенін білдіреді.) бар пәледен сақтасын,

3 Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін,

Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,

4 Бар сый-тартуларыңды ескере көрсін,

Өртелген құрбандығыңа да риза болсын.

5 Жүрегіңнің қалауын Құдай берсін,

Бар ой-ниетіңді орындай көрсін.

6 Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз,

Құдайымыздың атынан ту көтереміз,

Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз.

7 Жаратқан Өзі тағайындаған Патшасын

Аман сақтайтынын енді білемін,

Жауап береді оған киелі көгінен,

Құтқарады оны құдіретті қолымен.

8 Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен,

Басқалар мақтанады тұлпарларымен,

Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен.19:8 Немесе: Ал біз Құдай Иеміздің есіміне сенеміз (19:2-дегі түсініктемені қ.).

9 Сол халықтар құлайды жығылып,

Ал біз нық боламыз берік тұрып.

10 Уа, Жаратқан, патшамызға жеңіс сыйлай гөр,

Сиынған кезімізде құлақ сала гөр.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também