Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 93

Құдайдың халқын жауларынан құтқаруды сұрау

1 Уа, Иеміз, зұлымды жазалайтын Құдай,

Нұрыңды төкші,93:1 Яки: Әділдігіңді паш ете гөр! о, әділ соттаушы Құдай!

2 Уа, әлемге Үкім Шығарушы, көтеріле гөр,

Менменге тиісті жазасын тартқыза гөр!

3 О, Жаратқан Ие, қашанғы осылай болмақ?

Қашанғы әділетсіздер дауыстап қуанбақ?

4 Ауыздарынан менмен сөздер үздіксіз шығады,

Зұлымдық істейтіндердің бәрі мақтанады,

5 Уа, Жаратқан Ием, аяққа таптап халқыңды,

Олар қанайды таңдаған меншігіңді:

6 Жесірлер мен жат жұрттықтарды жояды,

Жетімдердің де көзін сол қаталдар құртады.

7 Олар былай дейді: «Жаратқан мұны көрмейді,

Жақып сиынған Құдай бұған мән бермейді».

8 Елдегі ақымақтар, ақылға келіңдер,

Сендер парасатқа қашан кенелесіңдер?

9 Құлақты жаратқан Тәңір әлде естімей ме,

Көзді жаратқан Оның Өзі әлде көрмей ме?

10 Халықтарға ескерткен Ол саған ескертпей ме?

Адамға тағылым беретін Ол — 11 Жаратқан Ие

Пенденің ойларының бекерлігін біледі де!

12 Уа, Жаратқан Ие, Өзің тәрбие берген жан

Бақытты: Таурат заңыңнан93:12 Немесе: Сенің тағылымыңнан (яғни тәліміңнен). үйретесің оған,

13 Тыным бересің соған қиын-қыстау уақытта,

Ал сұмдарға көр қазылады ақыр соңында.

14 Себебі Жаратқан Ие өз халқынан бас тартпайды,

Таңдаған меншігін Ол жалғыз қалдырмайды.

15 Сөз жоқ, төрелік қайта әділдікке негізделмек,

Бар ақжүрек жандар әділдік жолымен жүрмек.

16 Кім мені қорғау үшін қарсы шығар зұлымдарға,

Кім мен үшін қарсы тұрар күнә жасайтындарға?

17 Егер Жаратқан Ие маған жар болмағанда,

О дүниеге аттанар едім жақын арада.93:17 Немесе: Жақын арада жаным үнсіздік орнына (яғни о дүниеге) орналасар еді (30:18).

18 «Аяғым таяды!» дегенімде, уа, Жаратқан,

Сенің мейірімің болды сүйеніш маған.

19 Уайым-қайғы кернегенде менің жүрегімді,

Сенің жұбанышың жадыратты көңілімді.

20 Заңыңа қарсы зорлық-зомбылық ойлаған

Арамзалардың тақтары жақын бола ма Саған?

21 Топтасып олар әділге қарсы ұмтылады,

Кінәратсыз адамды өлімге бұйырады.

22 Бірақ Жаратқан Ие — паналайтын қорғаным,

Иә, Құдайым менің — бас сауғалар жартасым.

23 Сол зұлымдарға Ол қылықтарын қайтарады,

Өз жауыздықтарымен өздерін құртады,

Құдай Иеміз оларды мүлдем жояды.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.